НЗМ емтихандарына дайындық

НЗМ емтихандарына дайындық

I ТУР

Пән Сұрақ саны
Математика НЗМ 6 40
Сандық сипаттама НЗМ 6 60

II ТУР

Пән Сұрақ саны
Қазақ тілі НЗМ 6 20
Ағылшын тілі НЗМ 6 20
Орыс тілі НЗМ 6 20
1000 теңге

  Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлектері орта мектепті бітірушілер секілді ҰБТ тапсырмайды. Олар аттестатты тек сыртқы суммативті бағалау ережесіне сәйкес емтихандарды тапсырып қана ала алады.

5-сынып оқушылары (жас аралығы 10-11 жас) бастапқы мектепті аяқтаған соң, кіріктірілген негізгі тіл мен әдебиет, екінші тіл, ағылшын тілі мен математика пәндерінен емтихан тапсырады.

Оқушы негізгі мектепті 15-16 жасында 10 сыныпта аяқтайды. Негізгі мектеп ережесіне сай тілдер, Қазақстан тарихы мен математика пәндерінен емтихан тапсырып, орта мектепті аяқтады деген аттестат алады. Бұл емтиханнан соң бала колледж секілді салалық орта білім беретін оқу орнына баруы мүмкін.

11 сыныпқа өтер кезде оқушыларға пән таңдау мүмкіндігі ұсынылады. Олардың қатарына биология, химия, физика және информатика енеді. Сонымен қатар, қосымша пәндер: қазақ тілі, орыс тілі, экономика мен география.

Жоғары сыныптарды аяқтап, университетке бармас бұрын оқушы 4 сабақтан емтихан тапсырады. Ағылшын тілі тек тест сұрақтарынан құралмайды. IELTS халықаралық емтиханы бойынша бағалау жүзеге асырылады.

НЗМ-де тарих сабағы «Қазіргі әлемдегі Қазақстан» (ҚӘҚ) деген пәнмен алмасады. Оқушылар бұл сабақта сараптама жұмысын жасап, арнайы зерттеу жұмысын дайындайды. Кейін, КХЕЖ(МЭСК) емтиханын тапсыру барысында тест сұрақтары мен ашық сұрақтарға жауап жазады. Сол секілді негізгі таңдау пәндері бойынша ашық сұрақтарға жауап жазып, емтиханның екінші кезеңінде зертханалық жұмыс жасайды.

Жаһандық перспективалар және жоба жұмыстары пәні бойынша әлемдік мәселелер қатарына енетін тақырыптарға сәйкес зерттеу жұмысын жасақтайды.

Емтихан мамыр айында өтіп, қорытынды маусым айының ортасында белгілі болады.
Телефон

+7707 431 8008

E-mail

kazbilim@gmail.com

Мекен-жай

Нұр-Сұлтан қаласы, Қаныш Сәтбаев көшесі, 22/1.